Басты Жаңалықтар Мәжіліс депутаттары Ақмола облысындағы «Жаңа Сервис-2007» жұмысшыларының мәселелерімен танысты

Мәжіліс депутаттары Ақмола облысындағы «Жаңа Сервис-2007» жұмысшыларының мәселелерімен танысты

Кәсіпкерлерге жасалатын көмекті арттыра түсу қажет. Әсіресе, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына назар аудару маңызды. Ақмола облысы Ақмол ауылындағы «Жаңа Сервис-2007» серіктестігінің мамандарымен кездескен Мәжіліс депутаттары осы мәселені көтерді. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктерін түсіндірген олар қызметкерлердің айтқан арыз-шағымдарын да тыңдады. «Жаңа Сервис-2007» Целиноград ауданының индустрияландыру картасына енгізілген. Өнімдерін тек облыс көлемінде сатып қоймай Астананың құрылыс базарларына жеткізіп отыр.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу