Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкер сөздігі» кітабының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Кәсіпкер сөздігі» кітабының тұсаукесері өтті

12.07.2018

Оқыту жобасы Палата пікірталас клубының кезекті отырысында талқыланды. Аталмыш еңбек, әсіресе, ауыл тұрғындарын бизнес, қаржы саласында оқытуда таптырмас құрал. Сондай-ақ, сөздікте кәсіп ашуда жиі қолданылатын терминдер мен сөз тіркестердің қазақша атаулары жазылған. Тіл білімі институтымен бірлесе шығарған кітап қаржы саласы, бизнес мамандарына арналған. Жинаққа кәсіпкерлікке қатысты 500-ге жуық терминдер енгізілген. Сөздердің орыс тіліндегі баламасы көрсетілген. Жалпы, жиынға Тіл білімі институты мамандары да қатысты. Қызу ойталқымен өткен пікірталас клубының отырысында Палата жанынан лингвистикалық зертхана құру туралы ұсыныс та айтылды. 

Анар Фазылжан, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары:

- Егер тіл жоқ болса, біз көп дүниеден айырылар едік. Ұлт ретінде қалыптасуымыз үшін барлық дискурста қазақ тілі дамуы керек. Соның ішінде, әсіресе, тіл қазіргі заман талабына сай экономикалық дискурста дамуы керек.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу