Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Халықаралық стандарттау ұйымының бас хатшысымен кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Халықаралық стандарттау ұйымының бас хатшысымен кездесу өтті

04.08.2014
Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Халықаралық стандарттау ұйымының  бас хатшысымен кездесу өтті

Еліміздегі кейбір салалар халықаралық стандартқа сай келтірілуі мүмкін.

Бұл мәселені Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Халықаралық стандарттау ұйымының бас хатшысы Роб Стилмен кездесуінде сөз етті.

Атап айтқанда, бұл салмақты дәреже еліміздің білім беру бағдарламалары мен денсаулық сақтау саласына енгізілмек.

Жоғары сападағы халықаралық стандарт жасаумен айналысатын ISO ұйымына 163 елдің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар желісі кіреді.

Қазақстан жыл сайын 100-ге жуық ұлттық стандарт әзірлейді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу