Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданы, Ақсу ауылы биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. Атаулы датаға орай, ауыл тумасы, ардагер мұғалім, қоғам қайраткері Әшім Жылқайдаров «Есенгелді – елім, Ақсу – ауылым» атты шежіре-кітап жазып, елді мекен тарихын, ондағы есімі елге белгілі азаматтарды қағаз бетіне түсірді. Жаңа туындыны таныстыру рәсіміне қаламгердің ауылдастары, замандастары мен жақындары жиналды. Кітапта ауыл тарихынан бөлек, Арғын руынан шыққан Есенгелді ұрпақтарының шежіресі де жазылған. «Оны қағаз бетіне түсірудегі мақсат - жүзге немесе руға, атаға бөліну емес, жас ұрпақтың жеті атасын біліп, бір-біріне туыстық қатынасын көрсету», - дейді кітап авторы.
Әшім Жылқайдаров, кітап авторы:
- Елімізде еңбек еткен азаматтардың аттарын келешек ұрпаққа жеткізу үшін жазылған кітап. 1928-1932 жылдары осы ауылдың құрылғанын дәлелдеу үшін құжат алдық, сол құжат бойынша 1928 жылы Жаңасу колхозы ашылыпты. Сол колхозға Жаңасу, Ақсу, Еңбек үш ауыл қосылған екен. Тарихи деректер бойынша қуғын-сүргін заманында кеткен елдің азаматтары бар, солардың бәрін қай уақытта қуғынға ұшырағаны, сотталғаны, ұсталғаны, атылғаны, шағын ауылдың өзінен 9 адам қуғынға ұшыраған екен.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.