Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі талқыланды

23.04.2014
Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі талқыланды
Курчатов, Балқаш, Ақтау аймағы атом электр станциясын салуға қай жағынан да қолайлы. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан атом энергетикасы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі семинарда айтылды.
 
Мәселен, станция Балқаштан бой көтерсе, еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының тапшылығы жойылады. Ал, Курчатовта салынса, электр энергиясын Ресейге тасымалдауға мүмкіндік туады.
 
Айта кетейік, Қазақстан уран қоры бойынша әлемде 2-орын, уран өндіруден 1-орында тұр.
 
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері қатысқан жиында саланы дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. 
 
Мәжит Шәріпов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы жөніндегі комитеттің төрағасы:
Ең алдымен, атом электр станциясы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеумен айналысатын арнайы компания құрылуы тиіс. Станцияның қай аймаққа салынуы тиістігі осы негіздемеден соң ғана нақты белгілі болады.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу