Сенатта электр энергетикасы нарығын дамыту жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта электр энергетикасы нарығын дамыту жолдары талқыланды

24.02.2022

Алдағы 5-6 жылда Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін. Болжам бойынша жыл сайынғы дефицит 5 млрд киловатт-сағатқа жетеді. Энергетика саласындағы түйіткілді мәселелер бүгін Сенатта талқыланды. Еліміздегі электр энергиясын өндіретін станциялардың көбі ескі. Кейбірі 40 жыл бұрын салынған. Электр желілердің де 70 проценті тозып тұр. Сенат депутаттары осы саланы дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Кездесуде елімізде атом электр станциясын салу мәселесі де көтерілді.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі

Энергетика саласында жұмыс істейтін адамдарға ол өте анық, керек екені. Неге екенін айтайын. Болашақта станцияларда көмір жағуға болмайды. Газ деген өте шектеулі. Ал атом станциясы өте тұрақты, ол өте пайдалы шешім деп ойлаймыз. Уранды өзіміз өндіреміз.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу