Энергетикалық стратегияның басты бағыттары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетикалық стратегияның басты бағыттары талқыланды

27.06.2014
Энергетикалық стратегияның басты бағыттары талқыланды
 
«Келешектің жұмбағы: Қазақстан энергетикалық стратегиясын жан-жақты іздестіруде». Бүгін осындай тақырыппен АҚШ сауда палатасының форумы өтті. Отандық және шетелдік сарапшылардың басқосуында елімізде энергияның дәстүрлі көздерін тиімді пайдалану, атом энергетикасының маңыздылығы айтылды.
 
Сондай-ақ, «жасыл экономикаға» көшу жобасының негізгі тетіктері талқыланды. Баламалы энергияны дамыту жайы да сөз болды. 2030 жылға дейін  республикада қуаттылығы жоғары жаңа электр станциясын салу жоспарлануда. Форум аясында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Америка сауда палатасы Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыруға үлес қосуға ниетті.
 
Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:
Қазақстанда электр энергиясының барлық түрлерін дамыту керек. Бұрынғыдай көмірге қарап қалуға болмайды. Атом өнеркәсібі, газ энергетикасын, жаңартылмалы энергия көздерін дамыту керек. Бүгінгі форумда америкалық әріптестерімізбен осы бағыттағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқыладық.
 
Гүлжан  ҚАЛТАЙҚЫЗЫ                                               

Хабарламаларға жазылу