Депутаттық сауал: Мектеп мұғалімдерін ҰБТ-ны ұйымдастыру міндетінен босату қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттық сауал: Мектеп мұғалімдерін ҰБТ-ны ұйымдастыру міндетінен босату қажет

13.06.2018

Мәжілістің бір топ депутаты Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Оған негіз болған мәселе, 2017 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны екі кезеңге бөліп тастаған.

Жаңа формат бойынша оқушылар мектепте алдымен мемлекеттік емтихан тапсырады, кейін жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тестілеуге қатысады. Бітірушінің өтінім беруі, қажетті құжаттар жинауы және тағы басқа жұмыстар мектепке жүктелген. Депутат мектепке, мұғалімдерге деген осындай қатынас тұтынушылық мақсатта жасалып жатқанын әрі заңсыз екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде педагогтың мәртебесін төмендетеді.

«Білім және ғылым министрлігі мен әкімдіктер ҰБТ-ны тапсыру, оған қатысу, тестілеу нәтижелері әрбір талапкердің жеке ісі екенін түсінуі тиіс. Осыған байланысты мектеп мұғалімдерін ҰБТ-ны ұйымдастыру міндетінен босату қажет деп санаймыз», делінген сауалда.

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мұғалім мәртебесі осыған дейін қоғамда көп рет талқыланғаны белгілі. Алайда, Білім және ғылым министрлігінің, әкімдіктердің мұғалімге деген қолайлы жұмыс күші мен көпшілік шараларға жұмылдыру секілді қарым-қатынасы мектептің өнегелі құндылықтарын бұрмалауға алып келеді. Мектепті тәмамдауға арналған шара аттестаттарды тапсырумен аяқталады. Осы орайда оқушы мен мектептің ресми түрдегі өзара қарым-қатынасы аяқталады. Мұғалім бұл жұмысты жасамауы тиіс.

Индира БЕГАЙДАР   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу