Таразда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

07.06.2018

Отбасы құндылықтарын дәріптеп, береке-бірлікті ту етіп отырған үлгілі жанұяларға арнайы дипломдар мен қаржылай сертификат табысталды. Байқау биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Іріктеу кезеңдеріне Жамбыл облысы аудандарынан өнерлі, ынтымағы жарасқан, еңбегімен еленген 165 жанұя қатысты.

Олардың 65-і көпбалалы, 14-і өзге ұлт өкілдерінің отбасы болса, 29-ы еңбек династиясын жалғастырғандар. Осы жолы үлгілі отбасы деп танылған 5 жанұяға арнайы сертификат тапсырылды. Бас жүлде 63 жыл бір шаңырақта отасып, 12 бала, 32 немере мен 20 шөбере тәрбиелеп өсірген Ниязқұловтар жанұясына бұйырды.

Өмен Ниязқұлов, байқау жеңімпазы:

- Осының барлығы біздің балаларымыздың, отбасыларының және солардың іс-әрекетінің жемісі деп ойлаймын. Немере, шөберелердің қызығын көрсек деген тілегіміз бар.

Г.ҚАЙРАТҚЫЗЫ                                                               

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу