БҚО-да «Men Qazaqpyn» мегажобасының іріктеу кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да «Men Qazaqpyn» мегажобасының іріктеу кезеңі басталды

31.05.2018

Мәдени мұрамызды насихаттаған «Men Qazaqpyn» мегажобасының іріктеу кезеңі Батыс Қазақстан облысында  басталды.

Өнер додасының маусымашары жалынды жыр иесі Жұбан елінде өтті. Үміткерлер алдымен аудандық өлкетану мұражайындағы құнды жәдігерлерді тамашалады. Кейін Жұбан ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Төл өнерді төрге оздырған байқауда бақ сынауға келген 7 өнерпаз халық әндерін әуелетіп, жырдан шашу шашты. Үкілі домбырамен күй күмбірлетті. 

Қанатқали Оңғар, байқауға қатысушы:

- 3 күй орындадым. Ерғали Есжановтың күйі «Бозащы» және халық күйлері. Жалпы есепте жақсы болған сияқты.

 

Назерке ТОҚЖАН

Хабарламаларға жазылу