Тараз қаласында алғашқы бродкастинг залы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласында алғашқы бродкастинг залы ашылды

30.05.2018

Жаңа технологиямен жабдықталған орталықтың ашылуына «Нұр Отан» партиясы мұрындық болды. Жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған бродкастинг залы – «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында пайдалануға берілді. Бар жағдайы жасалған заманауи орталық - Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханада орналасқан. 2 аудиторияда толық жабдықталған конференцзал, жылдамдығы жоғары интернет желісі мен Wi-Fi орнатылған. 9 моноблок арқылы бейнеконференциялар өткізуге, өзге өңірлермен байланыс орнатуға болады. Электронды жүйе арқылы кітапханада жоқ әдебиеттерді тауып, оқуға да мүмкіндік бар. 38 мыңнан астам кітап қорының бүгінде 27 мыңы цифрлы нұсқаға көшірілген. Келушілердің 70 пайызы – жастар. Оқырмандардың саны әлі де арта түспек. Келешекте облыс бойынша тағы осындай 3 орталық ашылады. 

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу