Таразда Шерхан Мұртазаның ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда Шерхан Мұртазаның ескерткіші ашылды

20.10.2022

Қазақ әдебиеті мен баспасөзіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар жазушы Шерхан Мұртазаның туғанына биыл 90 жыл. Бүгін ұлт зиялысының туған өңірі Тараз қаласында қайраткердің еңселі ескерткіші ашылды.

Ақиқаттың алдаспанына айналған жазушының 90 жылдық мерейтойы өңірде кең көлемде аталып өтуде. Алдымен Тараз қаласындағы Ш.Мұртаза атындағы халықаралық университеттің алдында ескерткіш ашылды. Тұғырымен қосқанда 8 метрге жуықтайтын мүсін қоладан құйылған. Жиылған зиялы қауым, сөз зергерінің өнегелі өмірінен сыр шертіп, ел мәселесін мінберде көтерген ерліктерін еске алды. Бұдан әрі, «Көне Тараз» кешенінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында жазушының «Ауылым, сені сағынам» атты кітабы мен 5 томдық шығармалар жинағы таныстырылды.

Міне қазір ғана Жуалы ауданы Талапты ауылындағы өзі тұрған үй, әдеби-мемемориалдық кешен салтанатты түрде ашылды. Музейде Шерағаның шығармаларынан бөлек өзі қолданған жеке заттары мен жұмыс үстелі сол күйінде сақталған. Енді бұл кешенде алдағы уақытта өскелең ұрпақ үшін түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек, аламан айтыс өтіп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу