Басты Жаңалықтар Астанада «Бір отбасы– бір ағаш» атты ерекше акция басталды

Астанада «Бір отбасы– бір ағаш» атты ерекше акция басталды

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше акция басталды. Жоба «Бір отбасы– бір ағаш» деп аталады. Шара №67 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Оқушылар, ата-аналар бірлесіп, білім ордасының маңайын көркейтуге атсалысты.

Басты идея - ата-бабадан қалған өсиетті жастардың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Басталған жоба аясында жүздеген ағаш бір уақытта отырғызылды. Игі шара ата-аналардың көңілінен де шықты.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу