АҚШ-тың Меридиан қаласында мейрамхана алдындағы жер опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Меридиан қаласында мейрамхана алдындағы жер опырылып түсті

09.11.2015
АҚШ-тың Меридиан қаласында мейрамхана алдындағы жер опырылып түсті

АҚШ-тың Миссисипи штаты Меридиан қаласындағы «IHOP» мейрамханасы алдындағы жер опырылып, тұрақтағы 12 көлік жер астында қалды, деп хабарлады lifenews.ru жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Қалалық әкімшіліктің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің өкілі Бак Робертс жердің жарылу себептерін арнайы мамандар анықтауға кіріскенін хабарлады.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар пайда бол5ан жыра көлемін өлшеді. Олардың айтуынша, опырылған жердің ені шамамен 10 метр, ұзындығы 120 метр, ал тереңдігі 4,5 метрден асады.

Хабарламаларға жазылу