Ақтөбеде оқушы мектепте көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде оқушы мектепте көз жұмды

19.04.2018

Ақтөбелік оқушының кенеттен жүрегі тоқтап, көз жұмды. Қайғылы оқиға 10-сәуір күні қаладағы №38 мектепте болған. Бұл жайтқа қатысты бүгін құзырлы орган өкілдері түсінік берді. Айтуларынша, 5-сынып оқушысы Ділнәз Әбішева алтыншы сабақтың үстінде қасындағы балаға сүйеніп, есінен танып қалған. Мектеп директорының сөзіне сенсек, сол бойда өзінен бір сынып жоғары оқитын ағасы шақырылып, ата-анасына хабар берілген. Балаға алғашқы медициналық көмекті мектептің медбикесі көрсеткен. Ал, 14 минуттан кейін жедел жәрдем көлігі келіп жеткен. Өкінішке қарай, оқушы қызды аман алып қалу мүмкін болмаған. Бірақ, бұл оқиғаға қатысты ақпарат агенттіктері жедел жәрдем көлігі 18 рет шақырса да, сол күйі мектепке келмеген деген мәлімет тарап кетті. Бірақ, Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалды

Светлана Есенаманова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Сот-медициналық сараптама бойынша баладан ешқандай бөтен ауру анықталмаған. Сол себептенкенеттен болатын жүрек ауруы деген диагноз қойылды. 27-сәуірде соңғы ресми диагнозды сот медициналық эксперттер береді.

Хабарламаларға жазылу