Әріптестік жолындағы ықпалдастық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әріптестік жолындағы ықпалдастық

12.04.2014
Әріптестік жолындағы ықпалдастық
«Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру қазақстандық кәсіпкерлердің әлемдік нарыққа шығуына үлкен мүмкіндік». Бельгия парламентінің депутаты Херман де Кроо осылай, деп отыр. Саясаткердің айтуынша, Бірыңғай экономикалық кеңістік одаққа мүше елдердің арасында бәсекелестікті күшейтіп, сапалы өнімдердің көлемін арттырады. Шағын және орта бизнесті дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді.
 
Де КрооБельгия Корольдігі Парламенті өкілдер палатасының төрағасы:
Экономикалық байланыс арқылы үлкен интеграциялық қадамдар жасау ең алдымен дамыған отыз елдің қатарына кіруді мақсат тұтқан Қазақстан үшін қажет. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму жолын бетке алған Қазақ елінің әрі қарай қарқынды дамуына осы ықпалдастық үлкен жол ашады деген сенімдемін. Әрі мұндай ұйымға мүше болу арқылы бір кеңістікте орналасқан мемлекеттер ортақ проблемаларды ынтымақтаса шешетін болады.
 
Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу