Шығыс Қазақстанда әкімнің орынбасары көлігімен адам қағып өлтірді
Шығыс Қазақстанда Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев мас күйінде жаяу жүргіншіні басып кеткен. 19 жасар жігіт жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болды. Кісі өліміне себепші болған Құрманбаев оқиға орнына полиция мен дәрігерлерді өзі шақырған. Оның Риддер қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарғанына 4 жыл болыпты. Қазір лауазым иесі тергеу изоляторында қамауда. Тергеу жүріп жатыр.
Жомарт Мұратов, Риддер қаласының әкімі:
- Қайтыс болған жігіттің отбасына көңіл айтамыз. Бұл орны толмас жағдай болды. Отбасына қажетті көмектің барлығын жасаймыз. Тергеу ісінің және кінәліге тағайындалатын жазаның заң аясында әділетті болғанын назарда ұстаймыз.
Айдана ДАЙЫРОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49