Елімізде бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды

08.02.2024

Төтенше жағдайлар министрлігі және Қазгидромет елдің бірқатар аймақта қатты жел соғатынын ескертеді. Қолайсыз ауа райы 7 аймақта 2 күн сақталатынын хабарлайды. Бүгіннен бастап, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асады. Ауа райын болжаушылар мұны Скандинавия циклоны жүріп жатқанымен түсіндірді. Сондықтан бүгін-ертең алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу