Миссури штатында нөсер жаңбырдан жүздеген көлік су астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миссури штатында нөсер жаңбырдан жүздеген көлік су астында қалды

27.07.2022

Толассыз жауған нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына ұласты. АҚШ-тың Миссури штатында ондаған үй мен жүздеген көлік су астында қалды. Кемінде төрт штатаралық авто жолды су шайып, көлік қозғалысы қиындады. Әуежайдың ұшу жолағы да топан суға толып, бірнеше рейс кейінге шегерілген. Өңірдің ұлттық ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, бір күнде 20 сантиметр жауын түсіпті. «Бұл – соңғы бір ғасырда болмаған көрсеткіш», – дейді. Аймақта дауылды ескерту жарияланды.


Хабарламаларға жазылу