Бүгін ғарыштан үш адам Жерге аман-есен оралды. «Союз» кемесінің капсуласы Астана уақытымен таңғы сағат 8-ден 31 минут кеткенде Жезқазғанның оңтүстігіндегі қар басқан далаға қонды.
Джо Акаба мен Ванд Хэй – АҚШ-тың НАСА агенттігінің астронавтары. Ал, Александр Мисуркин - «Роскосмостың» космонавты. Олар Жер бетінен 400 шақырым биіктікте орналасқан құны 100 миллиард долларлық Халықаралық ғарыш станциясында 5,5 ай жұмыс істеді, ғылыми тәжірибелер өткізді.
Ал, наурыздың 21-де орбиталық бекетке Байқоңырдан жаңа экипаж мүшелері ұшады. Олардың екеуі – америкалық, біреуі – ресейлік ғарышкер.
Арыстан РЫСБЕК