Қылмыстық заңнама жетілдіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыстық заңнама жетілдіріледі

23.02.2018

Елімізде қылмыскерлерді бас бостандығынан айырудың орнына жазаның баламалы түрлері қолданылуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратураның заңдылық, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде айтылды. Кеңесте экономикалық, қызметтік және мүліктік қылмыс жасағандарды қоғамдық жұмысқа тарту ұсынылды. Сондай-ақ, айыппұл мен кепіл мөлшерін азайту да жоспарланып отыр. 

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

- Үш жыл бойы жаңа кодекстер бойынша жұмыс істеп келеміз. Олар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін механизмдерге негізделген. Сот бақылауы күшейтілді. Жазалаудың баламалы түрлерін қолдану аясы кеңейтілді. Бұл шаралар түрмеге жабылғандар санының 25 пайызға қысқаруына мүмкіндік берді. Татуластыру шаралары жиі тіркеліп, 30 пайызға артты.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу