Бас прокуратурада қылмыстық іс жүргізу мәселесіне арналған семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратурада қылмыстық іс жүргізу мәселесіне арналған семинар өтті

16.09.2014
Бас прокуратурада қылмыстық іс жүргізу мәселесіне арналған семинар өтті

Келесі жылдан бастап сот ісін жүргізу, қылмыстық жазаны атқару жүйесі жаңа модельге көшіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама жетілдіріледі. Кейбір қылмысқа қатысты жаза күшейтіледі.

Алайда қоғам өмірін тәртіпке келтіріп отыратын құжатты бірден модернизациялау мүмкін емес. Әуелі проблемалы тұстарын талқылап, ұсыныстар қаралып, лауазымды тұлғалардың қатысуымен, ғалымдардың, сарапшылардың пікірлері тыңдалып, сауатты сараланып барып жөнге келтіріледі.

Бүгін Бас прокуратураның осы мәселелерге қатысты семинар-кеңесі өз жұмысын бастады. Отырыста қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңнаманы модернизациялаудың маңызды бағыттары жан-жақты талқыланды.

Ғалым КӘЛМЕН

 

Хабарламаларға жазылу