Қылмыстық атқару жүйесі жетілдіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыстық атқару жүйесі жетілдіріледі

06.08.2019

Қазақстандағы түрмелерде үлкен өзгерістер болады. Сотталғандарға жасалатын жағдай, оларды оқыту, жақындарымен ұйымдастырылатын кездесулер де жетілдірілмек. Қажет заттарын алу үшін электронды дүкендердің қызметі де енгізілмек. Реформаларды бастамас бұрын қылмыстық атқару жүйесіне ішкі істер министрлігіне 199 ұсыныс келіп түскен. Оның 52-і мақұлданып, одан әрі іске асыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек жазасын өтеушілердің қауіпсіздігі мен оларға қызметкерлер тарапынан зорлық зомбылық көрсетілмеуі үшін шаралар қолға алынды.

Теңізжан Жәнібеков, ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары:

Қызметкерлерге бейнебақылау, кеудесіне қойылатын бейнебақылу, виедожетон дейді. Соны ұйымдастырып жатырмыз. Әр мекемеде өз бейнебақылау жүйесі бар. соған да біз бақылауды ұйымдастырып, осы түзеу мекемелерінде болып жатқан жағдайды қылмыстық атқару жүйесінде қарап отыруға ұсыныстар енгізіліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу