«Алтын сапа» байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын сапа» байқауы басталды

21.02.2018

Елбасының «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Биылғы «Алтын сапа» байқауы 4 кезеңнен тұрады. Финалға жолдама алған кәсіпорындарды сарапшылар арнайы тексермек. Тағы бір жаңашылдық, бұған дейін үздік кәсіпорындар үш номинация бойынша марапатталып келсе, биыл ауыл шаруашылығы мен тағам өндірісі саласында халыққа сапалы тауар ұсынғандар да қошеметке бөленеді. Сонымен қатар, «Үздік инновациялық жоба» және «Үздік индустриялық жоба» деп аталатын арнайы сыйлық тағайындалып отыр. Толық ақпаратты www.altynsapa.kz сайтынан алуға болады.

Ләззат Рамазанова, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы хатшылығының жетекшісі:

- Кәсіпорындарды ынталандыру шарасы ретінде «Алтын сапа» сыйлығының әр лауреатына 1 млн. теңге сыйақы беріледі. Бұл сыйақы халықаралық байқауға қатысуға себепші болады. Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын өңірлердегі кәсіпкерлер палатасына осы жылдың 1-шілдесіне дейін тапсырулары қажет.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу