Ан-148 маркалы ұшағы 2000 жылы Ресейде шыға бастаған. Әуе көлігінің мұндай түрі 80 жолаушыға шақталған. Ұшақ 2004 жылы желтоқсан айында сынақтан өтіп, 2009 жылы қолданысқа берілді. Жақын аймақтарға жолаушылар тасымалдайтын шағын самолет әуе кеңістігінде 4000 шақырым қашықтыққа дейін ұша алады. Деректерге сүйенсек, кеше апатқа ұшыраған әуе көлігінің 8 жыл бұрын құрастырылғаны анықталды. Ол алғашында «Ресей» әуе компаниясының қарамағында халықаралық рейстерге ұшып отырған. Кейін «Саратов» әуе компаниясына берілген. Құрбан болғандар саны жағынан бұл оқиға 2016 жылғы Сочи апатынан кейін екінші болып тіркелді. Дәл осы маркалы ұшақпен қайғылы апат 2011 жылы Белгород облысында болған еді.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ