Қазақстандағы әуе көліктерінің апаттары туралы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы әуе көліктерінің апаттары туралы

22.04.2019

2014 жылдан бері еліміздегі азаматтық авиацияға тиесілі әуе көліктері 26 рет апатқа ұшыраған. 11-інде адам шығыны тіркелмесе, қалған оқиғалардың салдарынан 31 адам қайтыс болды. Статистикаға сүйенсек, басым көпшілігінде апатқа ұшқыштардың қателігі себеп болған.

2014 жылы 4 оқиға болып, 2 адам қаза тапты. 2015 те 7 апат 8 адамның өмірін жалмапты. 2016 жылы әуе көлігі 5 рет құлап, 7 адам көз жұмды. 2017 жылы 8 дерек тіркеліп, 11 адам қаза болды. 2018 жылы азаматтық авиацияның ұшақтары бір де бір апатқа ұшырамаған. Қарағандыдағы оқиға 2019 жылдағы екінші дерек болып тіркеліп отыр. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу