Иранда құлаған ұшақтың бөлшегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда құлаған ұшақтың бөлшегі табылды

19.02.2018

Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. «Aseman Airlines» компаниясына тиесілі жолаушылар лайнері жексенбі күні елдің таулы аймағында апатқа ұшыраған. Қолайсыз ауа райына байланысты кешке кешкісін оны іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылған еді. Бүгін сол операция қайта жалғасып, әуе көлігінің сынығы елдің Исфахан провинциясының Денгезлу қаласы маңынан табылды. Тегераннан шығып, Ясуджге бағыт алған ұшақ бортында барлығы 65 адам болған. Алдын ала мәліметтерге сай, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Құлаған ұшақ 25 жыл бойы қолданыста болған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу