Қазақстанда валюталық реттеу тұрғысындағы жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмейді. Бұл бағыттағы жұмыстарды толық мойнына алатын бір де бір орган жоқ. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар таныстырылған жиында Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев осылай деді. Бүгінгі күні валюталық операциялардың реттеушісі, агенті, қатысушысы - Ұлттық банк. Депутаттың айтуынша, бұл – заңның әлі де солқылдап тұрғандығының дәлелі. Қаржы операциялары кезінде шетелде Қазақстанның 17 миллиард доллар қаржысы қалып қойған. Ал, оны қайтарумен айналысатын өкілетті ведомство жоқ. Сондықтан, заңға өзгерістер енгізбес бұрын шикі тұстарын ретке келтіріп алу керек.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ