Астанада «Жастар. Қоғам. Тәрбие» атты қалалық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жастар. Қоғам. Тәрбие» атты қалалық форум өтті

01.02.2018

Оның басты мақсаты - тарих, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық пәндер оқытушыларының басын қосып жастарға бағыт бағдар беру. Шараға университет ғалымдары мен белсенді жастар қатысты. Форум барысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері және кәсіптік байланысты нығайту жағы қарастырылды. Форумның қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, ғылыми-тәжірибелік жинақ шығатын болды. 

Роза Пернебаева, гуманитарлық заң колледжінің директоры:

- Қалалық форумға міндетті түрде мектеп, колледж оқушылары жыл сайынғы әр түрлі тақырыптарға шақырылып отырады. Биыл бізде үшінші қалалық форум өткізіліп отыр.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу