Елордада ұлттық тәрбие туралы семинар ұйымдастырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ұлттық тәрбие туралы семинар ұйымдастырылуда

16.11.2017

Қазақ қыздарының бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, отбасылық өмірдің жауапкершілігі туралы түсіндіру бастамасы Астанада қызу жүріп жатыр. Бұл жолы Сәкен Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеттің студенттері жазушы Жұмамұрат Шәмші мен жеке кәсіпкер Индира Слямхан бастаған спикерлерден тәлім алды. Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы мұрындық болған бастама биыл сәуір айынан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында отызға жуық колледж бен университет қабырғаларында дәл осындай семинар ұйымдастырылған.       

Ардақ Жүсіпова, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл іс шараның басты мақсаты - Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды бағалай отырып, жастарға тәлім-тәрбие беруге аса көңіл бөледі. Қыз балалар арасында өнегелі тәлім-тәрбие беру мақсатында осындай кездесулер ұйымдастырылып жатыр.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу