Қарағандыда бүтін бір шағын аудан жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда бүтін бір шағын аудан жарықсыз қалды

23.01.2018

Түнде қаланың оңтүстік-шығыс бөлігі, сондай-ақ, күнгей жекеменшік үйлер аумағы мен Үштөбе ауылының тұрғындары бір сағаттай электр энергиясынсыз отыруға мәжбүр болды. Тексере келе, №3 жылу энергия орталығында электр желісінің бұзылғаны анықталды. Күшті аяздан желі сымдары тартылып, бекітілген жерден үзіліп түскен. Қазір мамандар ақау шыққан жерді қалпына келтіріп жатыр. 

Константин Конради, «Қарағанды Жарық» ЖШС техникалық директоры:

- Қаланың жаңа құрылыс аумағында орналасқан станциядағы қосымша электр желісін іске қостық. Сөйтіп, түнгі сағат 12-ден аса барлығына жарық берілді. Қазір ақау шыққан аумаққа 4 бригада жіберілді. Жақын арада жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу