Ақтауда 6 шағын аудан жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 6 шағын аудан жылусыз қалды

08.12.2022

Ақтауда жылу құбыры жарылды. Салдарынан бірнеше шағын аудан жылудан ажыратылды. Апат 7-шағын аудан 21-ші үйдің жанында болды. Дәл қазір осы шағын ауданда толықтай жылу жоқ.

Тағы 5 шағын аудан бойынша кейбір тұрғын үйлерді жылудан ажыратуға тура келген. Қазір коммуналдық мекеменің жұмысшылары жарылған құбырды жөндеп жатыр. Мамандар олқылықты жедел жойып, жылуды қайтадан қосатындарын жеткізді.

Айта кететін жәйт, осы апаттың салдарынан көптеген тұрғын үй техникалық сусыз қалып отыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу