Өскеменде екі шағын аудан жарықсыз, сусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде екі шағын аудан жарықсыз, сусыз қалды

13.09.2023

Өскемендегі №19,20 шағын ауданы өткен түннен бері жарықсыз және ауыз сусыз қалды. Көпқабатты үйдегі тұрғындарға суды арнайы көлікпен жеткізіп таратты.

Олжас Керейхан, тілші:

Түн ортасы кезінде электр энергиясы мен суық су берілді. Жалпы жаңадан бой көтерген бұл шағын ауданда жарық жалп етіп жиі өшеді. Ал бұл жолы келеңсіз жағдай қайталанбас үшін осы аумақтағы электр желілері мен подстанцияны ауыстыру басталған. Сол кезде су беретін сорғы насосты өшіруге мәжбүр болған. Осы аралықта қос шағын аудандағы орталық құбырға қосылған жеке баспаналар мен көпқабатты үйлер сусыз қалды. Тұрғындарға ауыз су арнайы көлікпен тасымалдап таратылды. Бірақ ыстық су әлі қосылған жоқ. Біз бүгін таң ала кеуімнен сол шағын ауданға барып халықпен тілдескен едік.

Жомарт Тоқжасаров, қала тұрғыны:

Су өшіп қалады. Кеше күні бойы ыстық су да жоқ, суық суда жоқ. Сусыз отьрмыз. Түнде сағат 12-де ма, 1.00-де ма суық суды қосты. Тасымалмен бір-ақ рет берді. Оның өзі жетпей қалды. Дүкеннен су сатып алдық. Дүкенде де су бітіп қалды. Бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес. Жылда сол.

Олжас Керейхан, тілші:

Өскемендегі №19,20 шағын ауданда шамамен қазір аз дегенде 50-60 мың тұрғын бар. Көпқабатты үйлер мен қатар жеке баспаналардың құрылысы да қарқынды бой көтеріп келеді. Алайда инфроқұрлым мәселесі әлі толық шешілмей отыр.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу