Мораторий қағазбастылықты азайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мораторий қағазбастылықты азайтады

14.03.2014
Мораторий қағазбастылықты азайтады

Шағын және орта бизнесті жандандыру қажет. Ол үшін Елбасы кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялаған болатын. Бұл қағазбастылықты азайтуға септігін тигізіп, шаруаларға мол мүмкіндік береді.

 
Ақтөбеге арнайы келген кәсіпкерлер Ұлттық палатасының өкілі бизнес саласындағыларға мораторийдың бүге-шігесін түсіндірді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін маусым айына дейін бизнеске қатысты барлық заңнамалар тексеріледі. Осы мақсатта Қазақстанда жаңа бизнес-омбудсмен институты құрылды.
 
Аманжан Жамалов, Кәсіпкерлер Ұлттық палатасының ҚР Үкіметіндегі өкілі:
Кәсіпкерлерге жасалынып жатқан жеңілдіктердің барлығы Қаулының ішінде бар. Соның ішінде кәсіпкерлерге арналған заңдардың барлығын қарап шығу керек. Кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне кедергі келтіріп тұрған баптарды қарап, кәсіпкерлердің жолын ашу үшін қалыпқа келтіру керек.
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу