Рейдерлікпен айналысқан шенеуніктер қылмыстық жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рейдерлікпен айналысқан шенеуніктер қылмыстық жауапқа тартылады

26.05.2021

Рейдерлікке қатысы бар лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бизнеске қоқан-лоққы көрсеткен немесе қағазбастылықты сылтауратып, заңсыз иемденгісі келген шенеунік те, оны ұйымдастырғандар да жазадан құтылмайды. Бұған қоса бизнес иелері мен тұрғындарды заңсыз тексеру, тінту, мүлкін тартып алуға қатысты шағымдарды қарау мерзімі қысқартылады. Сондай-ақ мәжілісте кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау, бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту бойынша заң жобасы мақұлданды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу