Алматылық полицейлер толыққанды планшетке ауысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық полицейлер толыққанды планшетке ауысады

11.01.2018

Алматылық жол-патрульдік полицейлері биылғы жылдың бірінші тоқсанында толыққанды планшетке ауыспақ. Бұл туралы бүгін қалалық Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев мәлімдеді. Оның айтуынша, планшетті қолдану ыңғайлы.

Өйткені, онда жүргізуші туралы барлық ақпарат болады. Сондай-ақ, жол жүру ережесіне көптеген өзгерту енгізіліп, 40 бап бойынша әкімшілік жауапкершіліктер қысқартылды.

Мәселен, енді жарығын жақпай жүрген азаматтарға ескерту жасалуы тиіс. Сонымен қатар, уақыты бір жылдан асқан және сот орындаушыларға жіберілмеген айыппұлдарды төлемей өшіруге болады.

Жандос Мұраталиев, қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

Айыппұлдарды өшіру үшін сіз арыз жазуыңыз керек. Арызыңызға сәйкес біз тексеру жүргіземіз. Сіз ескертуді алдыңыз ба, сот орындаушыларға кетті ме ол қағаз, кетпеді ме, соның бәрін тексереміз де, бәрі анықталса онда қысқартамыз.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу