ІІМ министрі қоғамдық қабылдау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІМ министрі қоғамдық қабылдау өткізді

06.12.2017

«Бірде-бір шағым назардан тыс қалмайды. Жеке-жеке талдау жүргізіліп, заң аясында шешім шығарылады». Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық қабылдауға қатысқан Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай деді. Министр 50-ге жуық азаматтың арызын тыңдап, жұмыс дәптеріне түртіп алды. Мәселенің мән-жайын анықтағаннан кейін барлық өтініш иелеріне жауап береді. Жалпы, республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне биыл 23 рет түрлі министрлік басшылары келіп қатысқан. Онда көтерілген проблеманың жартысына жуығы оң шешілген.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

- Көптеген мәселе күні бүгін шешімін табады деп айта алмаймыз. Оны алдымен зерттеу керек. Сол себепті, ол кісі барлық жайтты өзінің назарына алып, соны аяғына дейін жеткізеді. Ал, партия болса, осы қабылдау аясында өзінің хаттамасын жасаймыз. Сондай-ақ, уақытысында жауаптарын алу үшін партиялық бақылау жүргіземіз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу