Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қоғамдық қабылдау өткізді

25.09.2019

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады. «Nur Otan» партиясының бөлімшесінде өткен кездесуге 20 шақты адам келді. Олардың бірі сурет көрмесін өткізуге жәрдем сұраса, енді бірі көше атауын өзгертуге қатысты өтініш білдірді. Сондай-ақ ұлттық қолөнер саласын дамыту, мемлекеттік тапысырспен кітап шығаруға қатысты сауалдар болды. Министр әр азаматтың мұң-мұқтажы мен мәселесін тыңдап, қолдау білдіретінін жеткізді. Осы кісілердің айтылған өтініштері мен түйткілдері бойынша министрліктің өкілдеріне тиісті тапсырма берілді.   

Қадыр Досымжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Композиторлары одағының мүшесі:

Біздің министріміз Ақтоты нағыз өнер адамы, композитор. Жақсы қабылдады ол кісі. Көп-көп рахмет. Үлкен осындай мәселелерді шешеміз деп үміттендірді. Мен қуаныштымын. Үлкен рухани азық алып бара жатырмын қаладан.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу