Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің инновациялық грантын алуға 200-ден астам өтініш түскен. Бұл туралы Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев айтты. Инновациялық гранттар үш түрлі бағытта беріледі. Атап айтсақ, технологияларды коммерцияландыру, кәсіпорындар мен өзге де салаларды технологиялық дамыту мақсатында беріледі. Жалпы, өндіріске серпін беру үшін аталған гранттар 2011 жылдан бастап тағайындалған. Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2,8 миллиард теңге бөлінген. Сома көлемі жылдан-жылға артып келеді.
Өміржан Тәшімов, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазіргі уақытқа дейін біз 300-ден артық жоба қолдадық. Ол 12 млрд. теңге. Енгізіліп жатқан жобалар мемлекеттік бюджетке қазіргі уақытқа дейін 10 млрд. теңгеден астам салық төледі және 1000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылған.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ