UNESCO жас ғалымдарға 10 мың доллар көлемінде грант ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

UNESCO жас ғалымдарға 10 мың доллар көлемінде грант ұсынды

26.01.2021
UNESCO жас ғалымдарға 10 мың доллар көлемінде грант ұсынды

UNESCO Жібек жолы мұрасын зерттеп жүрген жас ғалымдарға 10 мың доллар көлемінде грант ұсынды. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сайты хабарлады. 

Грант мына тақырыптарды зерттейтін ғалымдарға беріледі:

- Жібек жолының ортақ мұрасы және көпқырлылығы;

- Жібек жолының мәдени саналуандығы; 

- Жібек жолы мұрасы қазіргі заманғы шығармашылықтың, мәдениетаралық диалогтың, әлеуметтік тұтастықтың, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың негізі ретінде. 

Грант алуға 35 жасқа дейінгі аспирантура студенттері өтініш бере алады. 

«Зерттеулерге жеке тұлғалар да, жас ғалымдар тобы да қатыса алады. Өтініштер 18 сәуірге дейін қабылданады», - делінген хабарламада. 

Толық ақпаратты UNESCO сайтынан таба аласыз.

Фото: БҰҰ/Р.Бажорнас


Хабарламаларға жазылу