Маңғыстауға сапалы темір жол вокзалын салу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауға сапалы темір жол вокзалын салу керек

20.11.2017

Бұл туралы осы өңірге сапары кезінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты. Аймақта өзге елдермен сауда жүргізуге қолайлы Ақтау, Құрық теңіз порттары бар екені белгілі. Сондай-ақ, халықтың қажетін қамтитын екі су тұшытатын зауыт істеп тұр. Енді темір жол вокзалы салынса, өңірдің логистикалық әлеуеті арта түспек. Жалпы, облыста игілігін ел көрген мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу қарқыны жақсы. Мәселен, бір «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға Маңғыстауға 80 млрд. теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржыға тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық нысандары жаңғыртылып, мектептер мен балабақшалар бой түзеуде. Енді биыл индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 70 млрд. теңгеден асатын 7 жоба іске аспақ. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының  бірінші орынбасары:

- Енді жетіспейтін нәрсе – жақсы темір жол вокзалы. Темір жол вокзалы алыста тұр.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу