Астанада темір жол көлігі саласын еуразиялық үлгілерге сәйкестендіру мәселелері сөз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада темір жол көлігі саласын еуразиялық үлгілерге сәйкестендіру мәселелері сөз болды

05.03.2016
Астанада темір жол көлігі саласын еуразиялық үлгілерге сәйкестендіру мәселелері сөз болды

Бірыңғай экономикалық одақ жағдайында осы кеңістікте темір жол көлігі саласын бірыңғай техникалық реттеу жүйесін үйлестіру маңызды фактор болып табылады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Отырыста Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, арнайы жылжымалы құрамдар мен локомотивтердің жарамдылық мерзімін  ұзарту жайы сөз болды.

Сонымен қатар, Астанада «Темір жол көлігі» (МТК524) мемлекетаралық техникалық комитетінің стандарттау жөніндегі отырысы өтті.

Онда 2015 жылдың қорытындысы жасалды. Оның ішінде АСУ-«Стандарттау» жүйесін автоматтандыру тәжірибесінің нәтижелері қаралды.  Көлік саласындағы мемлекетаралық бағдардағы көлік қызметінің сапасын көтеру мен ықпалдастырудың таяу арадағы болашағы талқыланды.

МТК отырысы барысында темір жол техникасы саласындағы темір жол өнімдерін бағалаудың техникалық стандарттау регламенттері сарапталды.  Қазақстан, Ресей, Беларусь темір жолдары арасында жолаушыларға қызмет көрсету саласы бойынша келісімдерге қол қойылды.

«Соңғы жылдары мемлекетаралық техникалық комитеттің атқаруымен темір жол көлігі саласындағы стандарттау  бағытында стандарттаудың еуразиялық моделін қалыптастыру жолында әлемдік үздік үлгілерге сүйеніп, көп жұмыстар атқарылды»,-деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері Серік Төлебаев.

«РТЖ» ААҚ вице-президенті Валентин Гапановичтің айтуынша, бұл стандарттар экономика мен бизнестің дамуына игі ықпал етіп, бұл стандарттар темір жол өнімдерінің барынша сенімді әрі сапалы болуын көздейді. 

Хабарламаларға жазылу