Жол ережесіне бірнеше өзгеріс енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол ережесіне бірнеше өзгеріс енгізіледі

20.11.2017

Қазір көлігіне қысқы дөңгелек салған жүргізушілер «Ш» белгісін жапсыруға міндетті емес. Оны жапсыру, жапсырмау - әркімнің еркі. Сондай-ақ, тағы бір өзгеріс - әр жолаққа әр түрлі жылдамдық шегі бекітіледі. Айтсақ, Алматыда жолдардың оң жақтағы шеткі жолдағы жылдамдық 40 болса, сол жақтағысы 60 немесе 80 шақырым болуы мүмкін. Сонымен қатар, бекеттерге жаңа «бақылау» белгісі қойылады. Оған жеткенде автожүргізушілер міндетті түрде тоқтауы тиіс. «Мұндай өзгерістер көп жылғы жұмыстың нәтижесі мен тәжірибелердің негізінде іске аспақшы», - дейді мамандар.

Жандос Мұраталиев, қалалық Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұрыннан бері орнатылып тұрған жол белгілері болған. Бірақ, жол жүру ережесінде олар болған жоқ. Қазір соны жол жүру ережесіне енгізіп, түсіндіріп, ары қарай қалай қолданылу керек екенін айтылып тұр.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу