Зейнетақыны пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақыны пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін

12.05.2021

Зейнетақы жарнасы енді жұмыс берушінің алдындағы қарызды өтеуге де берілуі мүмкін. Ақпарат қызметкеріне баспана сатып алуға қаражат берген компанияларға қатысты. Яғни азамат зейнетақы ақшасының бір бөлігін пайдаланып, банкке кредит қайтарғандай, жұмыс берушіге де қарызын өтейді. Бірақ ол үшін жылжымайтын мүлік банкте кепілде болуы шарт. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің тиісті жобасы 24 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды. Айта кетейік, бүгінде 267 мыңға жуық азамат зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алды.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу