Келер жылы Астанада биоэнергия өндіретін зауыт салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы Астанада биоэнергия өндіретін зауыт салынады

31.07.2017

Келесі жылы Астанада органикалық қалдықтардан биоэнергия алатын зауыттың құрылысы басталады. Оны салу мен жабдықтау және жаңа технология енгізу жұмыстарын италиялық «Bionet» компаниясы жүзеге асырады. Бүгін «ЭКСПО» көрмесі аясында аталған компания мен «KAZAKH INVEST» осындай келісімге қол қойды. Италиялық компания жобаға 50 миллион АҚШ долларын құяды. Олар бұған дейін де мұндай зауыттарды АҚШ, Болгария, Ливан секілді елдерде іске қосқан. Қазір зауыттың нақты орналасатын жері анықталуда. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу