Зорлыққа қатысты заң күшеюі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зорлыққа қатысты заң күшеюі тиіс

15.11.2017

Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткендерге қатысты қылмыстық заңнаманы қайта қарастыру қажет. Бүгін Ішкі істер қызметкерлеріне арнайы семинар өткізген сарапшылар алқасының пікірі осындай. Заңгерлер әсіресе, «қазіргі қолданыстағы 120 және 121-баптың бірінші бөлігіне реформа қажет», - дейді. Яғни, қазір зорлық көріп, жәбірленген әйел мен қылмыскер тергеу барысында өзара келісімге келсе, іс тоқтатылады. Ал заңгерлер жаңа заңнамаға әйелді  қорлаған азаматқа ондай мүмкіндік бермеу керек деп есептейді. Тиісті құжат жақында Парламентке жіберіледі.

Жалпы, Астана бойынша биылғы өткен он айда әйелдерге қатысты 3 мың қылмыстық әрекет тіркелген. Олардың көбі ұрлыққа қатысты. Семинардың басты мақсаты - қылмыскерлермен тікелей жұмыс істейтін полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.         

Хабарламаларға жазылу