Үкіметаралық кеңес: ЕЭО елдері бизнесті бірігіп дамытуға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметаралық кеңес: ЕЭО елдері бизнесті бірігіп дамытуға мүдделі

21.06.2022

Еуразиялық экономикалық одақтың бизнесті дамыту үшін әлеуеті зор, алайда бұған көбінесе келісім-шарттың жетілмегені кедергі. Шиеленістің күшеюі, пандемия дағдарысы, жаһандық сауда-саттық және логистикалық байланыстардың үзілуі сияқты мәселелер туындаған кезеңде Одақ мүшелері күш біріктіруі тиіс. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Минск қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында осылай деді. Шараға Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Үкіметтерінің басшылары қатысты. Шикізатты және дайын өнімдерді жеткізудегі іркілістер өнеркәсіп кооперациясының жеткіліксіз деңгейде екенін көрсетіп берді. Сондықтан нақты кооперациялық жобалар қажет. Бизнес үшін аса маңызды мәселелердің бірі - одаққа мүше елдердің барлық аумағы бойынша кедергісіз транзитті қамтамасыз ету. Осыған байланысты ол әріптестерін жедел және оңай транзиттік бағыттар мәселесін бірлесе жүйелеуге шақырды.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу