Елімізде риеторларға қатысты талап күшеюі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде риеторларға қатысты талап күшеюі мүмкін

11.03.2024

Елімізде риеторларға қатысты талап күшеюі мүмкін. Қазақстан риелторлар қауымдастығы былтыр қараша айында тиісті заң жобасын Парламентке ұсынған. Егер, заң жобасы бекітілсе, тұтынушының құқығын таптап, қауымдастықтың атына кір келтіріп жүргендерге тосқауыл қойылмақ. Ең алдымен, бұл қызмет түрін көрсетумен айналысатын азамат, қауымдастыққа қарасты Жылжымайтын мүлік академиясында білім алуы шарт. Сонда ғана заңсыз жұмыс істеп жүргендердің тізімі белгілі болмақ.

Жәрдем Ақбисенов, Қазақстан риелторлар қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі:

Міне, енді болашақта заң қабылданса, риелтор болып жұмыс істейтін адамның қолында оның оқуды бітіргені туралы сертификаты болады, содан кейін оның Қазақстан риелторлар қауымдастығында мүше екендігі туралы куәлік беріледі. Ол кез-келген уақытта базада тіркеулі тұрады. 


Хабарламаларға жазылу