Қазір облыста осы мұнай өнімінің бір аптаға ғана жететін қоры қалды. Тапшылық салдарынан оның бағасы шарықтап кетуі мүмкін деген қауесет бар. Себебі, бензинді көрші Ресейден тасымалдау екі есе қымбатқа түсетіні белгілі. Алайда, елімізде АИ-80-нің бір литр құнын 89 теңгеден асырмау туралы шектеу қойылды. Облысқа қыркүйек айында Энергетика министрлігінен АИ-80 маркалы 1500 тонна бензинге тапсырыс берілсе де, ол әзірге толық көлемде жеткізілген жоқ.
Мұрат Шайымов, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:
- Сол кезде министрлік 500 тонна АИ-80 бензинін бөлді. Ал, қазан айында қажетті 1250 тоннаның 200 тоннасы жеткізілуі керек-тін. Бірақ, операторлар ақшасын төлесе де, аталған көлемдегі жанар-жағармайды толықтай алмаған. Ал, қарашада облысқа 1571 тонна АИ-80 бензині қажет. Қазір«Гелиос» пен «ҚазМұнайГаз» операторларынан өзге, еліміздің басқа өңірлеріне аталған маркалы бензинді жеткізу мүмкін болмай отыр.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ