40 тонна картоп пен жеміс-жидек тиеген Ресейдің бірнеше жүк көлігі шекарадан кері қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

40 тонна картоп пен жеміс-жидек тиеген Ресейдің бірнеше жүк көлігі шекарадан кері қайтарылды

08.11.2017

Мұндай шешім қабылдауға әкеліне жатқан өнімнен зиянкестің табылуы себеп болған. Жалпы, жыл басынан бері 1,5 мың тонна өнім тиеген 88 жүк көлігі шекарадан өткізілмепті. Импорттық тауардан өсімдік зиянкестері табылған. Бұл деректер бойынша 59 әкімшілік іс қозғалып, 3 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды. Кезекті заңсыз тауар шекарадағы тексеріс кезінде тіркелді. Арнайы өткізілген сынама шетелдік өнімнің құрамында құрт барын анықтаған. Ол карантиндік зиянкестер қатарына жатады.

Бақытжан Сариев, Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор:

- 6 қараша күні 3 автокөлік ұсталып, тексеріс нәтижесі бойынша 1 автокөліктен үлгі алу барысында картоп өнімінен осындай зиянкес анықталды - алтын түсті картоптың жұмыр құрты. Үш көлік те кері қайтарылды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу